
Қауіпсіз білім беру ортасы: буллингтің алдын алу және білім беру ұйымдарында балалардың саламаттығын қамтамасыз ету
Курс педагогтердің буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, олардың белгілерін ерте анықтау және балаларға қолдау көрсету дағдыларын дамытуға бағытталған. Тыңдаушылар қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, балалардың құқықтары мен психологиялық саламаттығын қорғау, ата-аналармен және мамандармен бірлесіп жұмыс істеу тәсілдерін меңгереді.
Бұл біліктілікті арттыру курсы педагогтердің қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу және балалардың психологиялық, эмоционалдық, әлеуметтік саламаттығын қолдау саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіруге бағытталған. Курс барысында тыңдаушылар буллингтің түрлерін, туындау себептері мен белгілерін, оны ерте анықтау және алдын алу тәсілдерін меңгереді. Баланың құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау, зорлық-зомбылық пен кемсітушілікке жол бермеу, цифрлық ортадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады. Ата-аналармен, білім беру ұйымының мамандарымен және тиісті қызметтермен бірлескен жұмысты ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Практикалық тапсырмалар мен жағдаяттарды талдау арқылы қатысушылар қауіп туындаған жағдайда әрекет ету алгоритмдерін қолдануды, балаларға қолдау көрсетуді және профилактикалық іс-шараларды жоспарлауды үйренеді.
Бағдарлама
- 1. Мемлекеттік саясат және қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етудің нормативтік құқықтық негіздері10 сағат
- 2. Балалардың психологиялық саламаттығы және заманауи білім беру ортасы10 сағат
- 3. Білім беру ортасындағы балалардың қауіпсіздігіне төнетін заманауи қатерлер10 сағат
- 4. Профилактика және қауіпсіз өзара іс-әрекет мәдениетін қалыптастыру10 сағат
- 5. Педагогтің іс-әрекет алгоритмдері және ведомствоаралық өзара іс-әрекет10 сағат
- 6. Отбасымен серіктестік және балаларды қолдау10 сағат
- 7. Қауіпсіз білім беру ортасын жобалау10 сағат
- 8. Практикум және қорытынды жоба10 сағат